Абзал Серікұлы 1989 жылы 23 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жалаңаш ауылында дүниеге келген. Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ-Америкалық еркін университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратураны тәмәмдаған.
Еңбек жолын «Транстелеком» АҚ Өскемен қаласындағы «Өскементранстелеком» филиалының электромеханигі болып бастаған.
2012-2016 жылдары - «Транстелеком» АҚ Өскемен қаласындағы «Өскементранстелеком» филиалының 1 дәрежелі ЦАТС байланыс инженері.
2016-2017 жылдары- «Транстелеком» АҚ Өскемен қаласындағы «Өскементранстелеком» филиалының ЦАТС инженер-электронигі.
2017 - 2022 жылдары «Транстелеком» АҚ Семей қаласындағы «Семейтранстелеком» филиалының техникалық директоры, басқарушы директоры, «Транстелеком» АҚ Ақтау қаласындағы «Ақтаутранстелеком» филиалының басқарушы директоры қызметтерін атқарды.
01.02.2023 ж.– 14.06.2024 ж. - «АДМ СпецСвязь» ЖШС директоры. 17.06.2024 ж, – 14.07.2024 ж. – Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы. 2024 жылғы 15 шілдеден бастап Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы.