Аягөзде саябақтарды абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр

Аягөзде саябақтарды абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр

Аягөз қаласында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ойын алаңдары жөндеуден өтуде. Қазіргі уақытта үш ойын алаңында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер – «Көпжартас-Құрылыс» ЖШС.

Сонымен қатар, Аягөз қаласындағы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» саябағында баскетбол, волейбол және ойын алаңдарының құрылысы басталды. Бұл жұмыстарды мердігер «Гранд-Инд Құрылыс» ЖШС атқаруда.

Шаһардағы саябақтарда абаттандырылды. Соның ішінде 67 мың дана гүл отырғызылып, субұрқақтар іске қосылып, жасыл желектерді автоматты суару құрылғылары орнатылды.