Курчатовта көше жарығы орнатылды

Курчатовта көше жарығы орнатылды

Биыл облыстық бюджеттен Курчатов қаласының көшелеріндегі жарықты жаңартуға қаражат бөлінді. Бұл жоба қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жоба түнгі уақытта жарықтандыру сапасын және Курчатов көшесінің көрнекі көрінісін айтарлықтай жақсартады. Ескірген 100 Ватт шамдарын заманауи 150 Ватт шамдарға ауыстырды.

Бір ай бойы «Ақшәул» ЖК мердігері монтаждау жұмыстарын орындап, ескі жарықтандыру құрылғыларын жаңасына ауыстырады. Қаланың өнеркәсіптік аймағындағы жолдарды жарық қылу үшін жақсы күйдегі бағаналар орнатылады.