Бородулиха ауданындағы Камышенка орманшылығына баратын жолды тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Жаз уақытында бұл жолдың маңызы зор, себебі осы жол арқылы балалар жазғы сауықтыру лагеріне барады.
Жұмысқа төрт техника жұмылдырылған: екі тиегіш және екі «Shacman» жүк көлігі.
«Ең алдымен, біз балалардың лагерьге уақытында, әрі қиындықсыз жетуі үшін жолдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Тұрмыстық қоқыстарды пайдалану – бізге жолдың толық жөнделуіне тезірек кірісуге мүмкіндік беретін мәжбүрлі шара», - деді аудан әкімінің орынбасары Мағжан Табылдин.
Алдағы күндері жұмысты аяқтау жоспарлануда.