2024 жылғы қаңтар-сәуірдегі Абай облысының өнеркәсіп жұмысының қорытындылары

2024 жылғы қаңтар-сәуірдегі Абай облысының өнеркәсіп жұмысының қорытындылары

           2023 жылғы сәйкес көрсеткішпен салыстырғанда өнеркәсіптік өнімінің нақты көлемінің өсуі 2024 жылғы қаңтар-сәуірдегі өнеркәсіп өндірісінің нәтижесі болып табылады.

           Өнеркәсіптік кәсіпорындармен және өндірістермен 573,7 млрд. теңгеге өнім (тауар, қызмет) шығарылды, бұл өндірістің республикалық көлемінде 3,7%-ды құрайды. Өнеркәсіптік өндірістің индексінің көрсеткіші 2023 жылғы қаңтар-сәуірдегі деңгейге қатысты алғанда 100,1%-ға бағаланды.

           Облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында ең жоғарғы үлес (68,2%) тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу тиесілі. Өңдеу өнеркәсібіне 27,9%-ды, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 3,4%-ды, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 0,5%-ды құрады.

           2024 жылғы қаңтар-сәуірде тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 391,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне қарағанда 0,3%-ға төмен. Металл кендерін өндіруі 0,8%-ға кем.

           2024 жылғы қаңтар-сәуірде өңдеу өнеркәсібінде 159,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді, есепті кезеңде  2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 99,7%-ды құрады. Машина жасауда – 33,4%-ға, тамақ өнімдерін өндіруде – 5,8%-ға өсуі байқалды.

           Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 19,6 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, өнеркәсіптік өндірістің индексі 108,1%-ды құрады. Электр энергиясын өндіру, беру және таратуда – 17,4%-ға өсу байқалды.

           Сумен жабдықтауда; қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 2,7 млрд.теңгеге өнім өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 10,6%-ға жоғары. Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 19,3%-ға өсуі байқалады, суды жинау, тазарту және бөлуде –  1,0%-ға.

           Облыс өңірлері ішінде өнім көлемі бойынша ең жоғары үлестік салмақты Аягөз ауданының өнеркәсіп өндірісі алады (өндіріс көлемінің 47,3%-ы), Семей қаласында өнеркәсіп өндірісі облыстық көлемінің 27,0%-ы, Жарма ауданында – 20,7%-ы, Бородулиха ауданында – 4,0%-ы өндірілді.

 

Әдіснамалық түсіндірмелер

Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

 

www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/ Өнеркәсіп өндірісінің статистикасы

 

Орындаушы: ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлімінің бас маманы

А.Т.Майкибаева

Тел. +7 7222 52-49-18

Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлім басшысы Ш.А. Исаханова

Тел. +7 7222 52-49-18

Адрес:

180000, Cемей қаласы

Мәңгілік ел көшесі, 25

 

 © Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы