Абай облысында ойын әзірлеушілерге арналған платформа ашылды

Абай облысында ойын әзірлеушілерге арналған платформа ашылды

Abai IT-Valley технологиялық кластерінің резиденттері шетелдік танымал платформадан кем емес сайт әзірледі.

Платформа jidek.kz деп аталады, ол мобильді және компьютерлік ойындарды таратуға бағытталған. Платформаның идеясы – мобильді немесе компьютерлік ойын жасаушыларға өз туындыларын кең көлемде таратуға, тіпті табыс табуға мүмкіндік беру.

Jidek.kz - шетелдік ойын индустриясының алпауыттары сияқты әзірлеушілер мен ойыншыларға өте ыңғайлы. Мұнда ойын өндірушілер өз өнімдерін жариялауға, ал ойыншылардың оларды сатып алуға мүмкіндігі бар.