Қымбатты ардагерлер!
Құрметті жерлестер!
Халқымыз үшін қастерлі мереке – Ұлы Жеңіс күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін — жанқияр ерлік пен еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген ұлы мереке. Халқымыз «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» деп, жеріне қорған болған азаматтарды әрқашан ерекше құрмет көрсете білген.
Жеңіспен өрілген ұлы тарихымыз – Отан үшін от кешкен батырларға кенде емес. Сол себепті елдік жолында күрескен ұландар қашанда ұлықтауға лайықты.
Біз есімдері тарихтың бетінен мәңгі өшпейтін аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз. Ешкім де, ешқашан ұмытылмайды!
Ерлік Даңқы өшпейді!
Абай елінде Жеңістің 79-шы көктемін 5 Ұлы Отан соғысының ардагері мен 2 мыңнан астам тыл еңбеккері қарсы алуда. Оларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетін болады.
Осынау Ұлы күнде әр шаңыраққа шаттық, ырыс пен бақ-береке орнасын.
Елдігіміз еңселі, болашағымыз баянды, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Жеңіс жалауы мәңгі желбіресін!
Құрметпен, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.