22 сәуірде басталған өңірлік чемпионатта 57 құзыреттіліктен 217 студент бақ сынасты. Олардың жұмысын 209 сарапшы бағалады. Облыстың 29 колледжінен қатысқан командалар арасынан көшбасшылар анықталды.
Чемпионат қорытындысы бойынша үш үздік колледж анықталды:
1 командалық орын: Радиотехника және байланыс колледжі (10 алтын, 11 күміс, 6 қола);
2 командалық орын: Бизнес және сервис колледжі (9 алтын, 4 күміс, 2 қола);
3 командалық орын: Геодезия, картография және құрылыс Жоғары колледжі (7 алтын, 5 күміс, 7 қола).
Күзде болатын республикалық кезеңге 30 құзыреттіліктен аттанатын 34 жеңімпаз студент анықталды. Сондай-ақ ақтық кезеңге 30 сарапшы қатысады.
WorldSkills Abai өңірлік чемпионаты – WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатына іріктеу кезеңі.