Футболшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты

Футболшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты

Осы маусымда QFL премьер-лигасында өнер көрсететін «Елімай» футбол командасы және «Семей» футзал команды акцияға өз үлесін қосты. Орталық саябаққа 30-дан астам шырша көшеттерін отырғызды. Акцияға Семей қаласының әкімі, футбол әуесқойлары мен шаһар тұрғындары қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.

Акцияға футболшылармен бірге қатысқан қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семейде жасыл желек егу жалғасатынын жеткізді.

«Елімай» футбол командасының капитаны Еркебұлан Нұрғалиев спортшылардың эко-акцияға белсенді қатысқанын атап өтті.

«Біз, «Елімай» командасының мүшелері Президенттің «Таза Қазақстан» акциясын өткізу туралы бастамасын қолдаймыз. Қазір біз бос уақытымызда жиі баратын саябаққа 2 метрлік шырша көшеттерін отырғызып жатырмыз. Біз Семейдің командасы болғандықтан, қаланың дамуына белсенді үлес қосамыз», - деді капитан.