Абай облысы бойынша 2024 жылғы наурызда тұтыну бағасының индексі

Абай облысы бойынша 2024 жылғы наурызда тұтыну бағасының индексі

Облыс бойынша инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну баға индексі 2024 жылғы наурызға өткен айға қатысты алғанда 100,9 % құрады.

2024 жылғы наурызға облыс бойынша тұтыну бағасының индексі

пайызбен

 

2024 жылғы наурызда

2024 жылғы қаңтар- наурызда

2023 жылдың қаңтар-наурызына

2024 жылдың

ақпанына

 

2023 жылдың

желтоқсанына

 

Барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер

100,9

102,6

109,4

Азық-түлік тауарлары

100,4

102,7

108,2

Азық-түлік емес тауарлар

100,2

100,8

107,6

Ақылы қызметтер

102,2

104,3

113,5

 

Азық-түлік тауарларының арасында 2024 жылғы наурызда 2024 жылдың ақпанмен салыстырғанда

көкөністер мен жемістер (алмұрт–4,3%, алма–3,3%, сәбіз–1,4%, ақ қауанды қырыққабат–1,3%), күріш–1,9%, қант, сүт өнімдері (қатты ірімшік–1,3%, қаймақ–1,2%)–1%, балық және теңіз өнімдері, макарон өнімдері –0,5%, кондитерлік өнімдері–0,4%, тұздалмаған сары май, сөк, алкогольдік ішімдіктер, темекі өнімдері, сиыр еті–0,1% бағаларының қымбаттағаны тіркелді.

Күнбағыс майы–2,3%, картоп–2,1%, басты пияз–1,7%, жарма–1,1%(қарақұмық жармасы–2,1%, арпа жармасы, сұлы–0,1%),1санаттағы жұмыртқа–0,7%, шай–0,2%, жоғары сұрыпты бидай ұны, сүзбе майлылығы 5-9%–0,1% арзандай түсті.

Азық-түлік емес тауарлардан фармацевтикалық өнімдері–1,7%, киім және аяқ киім–0,7%, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсетуге арналған материалдар–0,1% қымбаттады.

Жуғыш және тазалағыш заттар–2,3%, жеке бас гигиенасы тауарлары–0,5%, бензин–0,2% арзандады.

Ақылы қызмет бойынша электрэнергиясы–19,7%, амбулаториялық қызметі–1,5%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметі, қоғамдық тамақтандыру қызметтері–0,9% өсті.

 

____________________________________________________________________________________________________________________________

Әдіснамалық түсініктемелер

Инфляцияның деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі (ТБИ) халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алған тауарлары мен қызметтеріне бағалардың өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығы 508 ұстанымды біріктіреді. Бағаларды тіркеу облыс орталығының және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір тобы бойынша меншіктің әртүрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі. Агрегаттау үшін қолданылатын салмақтау жүйесінің шығыс бөлігі өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі. 2022 жылғы қаңтардан бастап ТБИ құрылымында азық-түлік тауарларының үлесі 40,7%-ды, азық-түлік емес тауарлар–30,2%-ды, ақылы қызметтер 29,1%-ды құрайды.

 

 

 

www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер /Баға статистикасы

Орындаушы:

Ж. И. Корпешова

Тел. +7 7222  36-27-25

Баға статистикасы бөлім басшысы:

 Г.Т. Шакшанова

Тел. +7 7222 36-27-25

Адрес:

071400, Cемей қаласы

Мәңгілік ел көшесі, 25

 

 

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы