
02.04.2024 жылы Бородулиха ауданында Красный Яр ауылында Уба өзенінде мұз кептелісі пайда болды. Осыған байланысты су тасқынының алдын алу шаралары аясында өзенде жарылыс жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды.
Уба өзеніне тікұшақтан аэровизуалды тексеру жасалып, мұз кептелісін жою үшін өзенде жарылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда.