Көкпекті ауданындағы елді мекендерінің бірінде су тасқынымен күресу мақсатында ауыр техника жұмылдырылды

Көкпекті ауданындағы елді мекендерінің бірінде су тасқынымен күресу мақсатында ауыр техника жұмылдырылды

Ажа ауылында еріген қар суының ауылға кірудің алдын алу мақсатында эксковатормен су жолын жүруі мүмкін 2 км жолға бөгеу жұмыстары жүргізілді.

Бұл жұмыстарға 3 бірлік техника, 12 адам жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта Ажа ауылына су басу қаупі жоқ. Аталған орында кезекшілік ұйымдастырылып, су деңгейі бақылауда.