
Нұрлан Ұранхаев Жарма ауданына келіп, қазіргі жағдаймен танысты. Ауданның Үшбиік ауылындағы ахуалды бақылады.
Жергілікті атқарушы орган мен облыстық ТЖД мамандары тарапынан еріген суды бұруға барлық іс-шаралар жасалып жатыр. Қазіргі уақытта су деңгейінің төмендеуі байқалады.
Еске сала кетсек, кеше қардың қарқынды еруі нәтижесінде Үшбиік ауылындағы 2 көшеде қызыл су жүрген еді.
Тұрғындарға көмек көрсету мақсатында 54 адамнан тұратын Абай облыстық ТЖД күштері мен құралдары, 9 бірлік техника, 2 жүзу құралы және 4 мотор сорғылар, сондай-ақ полиция департаментінің жеке құрамынан 10 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылды.