
Бүгін Ақсуат аудандық жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Штаб отырысында тасқын су салдарынан келген залалдарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Ақсуат ауданының әкімдігі «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының 48-бабына және 50-бабына сәйкес, 2024 жылдың 28-наурызынан бастап, жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады.
Сондай-ақ, қарғын су салдарынан жол қатынасы үзілген ауылдарды қажетті деңгейде азық-түлікпен, басқа да күнделікті тіршілікке қажеттіліктермен қамту мәселесі пысықталып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.