Бесқарағай ауданында 13 000 текше метрден астам су шығарылды

Бесқарағай ауданында 13 000 текше метрден астам су шығарылды

Қардың қарқынды еруінен Бесқарағай ауданындағы Беген ауылының Тәуелсіздік, Қарағайлы және Шевцов көшелері су астында қалды. Абай облысы ТЖД күштерімен су шығару жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазіргі таңда су деңгейі төмендеген. Көшелерден 13 000 текше метрден астам су шығарылды.

Айта кетсек, аула аумақтары мен тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.