Абай облысының Бородулиха ауданындағы жағдай туралы ақпарат

Абай облысының Бородулиха ауданындағы жағдай туралы ақпарат

Қардың қарқынды еруі нәтижесінде Бородулиха ауданындағы егістіктерден еріген су келген.

Осыған байланысты, Мир көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің 2 аула учаскесі су астында қалды.

Қазіргі уақытта ЖАО күштері мен құралдарынан 4 адам және 2 бірлік техникасы, "Гордорстрой" ЖШС 6 адам және 3 бірлік техникасы еріген суды бұру бойынша инженерлік жұмыстарын жүргізуде.

Осымен бірге еріген су Семей-Петропавловка - РФ шекарасы автожолы төсеніші арқылы құйылды, аталған жолда көлік құралдары үшін қозғалыс жабық.

Автокөлік жолы мен топырақ бетіне қауіп жоқ.