
2024 жылғы қаңтар-ақпанда жедел деректер бойынша бөлшек сауда тауар айналымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,7% -ға өсті және 67,4 млрд. теңгенi құрады.
Бөлшек тауар айналымының республикалық көлемінде Абай облысы 12-орын алады, бөлшек тауар айналымының республикалық көлеміндегі үлесі 2,9%-ды құрады.
Бөлшек сауданының негізгі бөлігін базарларда сауда жасайтын және жеке сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олардың сауда айналымы облыстың бөлшек сауда айналымының 87,0%-ын құрады және 2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 8,0%-ға азайды.
Саудамен айналысатын кәсіпорындар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,0%-ға артты және облыстың бөлшек сауда тауар айналымының 47,0%-ын құрады.
Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 75%-ын азық-түлік емес тауарлары, 25%-ын азық-түлік тауарлары құрады.
Сауданың едәуір көлемі Семей қаласына – 51,2 млрд. теңге немесе облыстың тауар айналымының 75%-ы тиесілі. Аягөз ауданына 6%, Жарма ауданына –4,0%-дан, Үржар ауданына – 5%-дан,Бородулиха ауданына -3%-дан келеді. Қалған өңірлердің үлесі 2% (Курчатов қаласы) 1%-ға дейін (Абай ауданы) , 1%-ға дейін (Көкпекті ауданы), 2%-ға дейін (Бесқарағай ауданы) 1%-ға дейін (Ақсуат ауданы) ауытқиды.
2024 жылғы қаңтар-ақпанда көтерме сауда көлемі 33,2 млрд. теңге сомасында немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне қарағанда 109,7% қалыптасты. Көтерме сауда тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер 65,0%-ды, азық-түлік тауарлары – 35,0%-ды құрайды.
Әдіснамалық түсініктемелер
Бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үйiшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.
Көтерме сауда – жеке, отбасылық, тұрмыстық және басқа да осыған ұқсас жағдайларда пайдалануға байланысты емес, кейінен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.
www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/Ішкі сауда статистикасы
|
Орындаушы: Сауда және қызмет көрсету статистикасы бөлімінің басшысы: Г.Т.Толегенова Тел. +7 7222 362612 |
|
Адрес: 071400, Cемей қаласы Мәңгілік ел көшесі, 25
|
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы