
Облыс бойынша инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну баға индексі 2024 жылғы ақпанға өткен айға қатысты алғанда 100,5 % құрады.
2024 жылғы ақпанға облыс бойынша тұтыну бағасының индексі
пайызбен
|
|
2024 жылғы ақпанда |
2024 жылғы қаңтар- ақпанда 2023 жылдың қаңтар-ақпанына |
|
|
2024 жылдың қаңтарына |
2023 жылдың желтоқсанына
|
||
|
Барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер |
100,5 |
101,7 |
109,5 |
|
Азық-түлік тауарлары |
100,5 |
102,2 |
108,7 |
|
Азық-түлік емес тауарлар |
100,3 |
100,6 |
107,8 |
|
Ақылы қызметтер |
100,8 |
112,1 |
112,7 |
Азық-түлік тауарларының арасында 2024 жылғы ақпанда 2024 жылдың қаңтармен салыстырғанда
1 санаттағы жұмыртқа–5%, күріш–2%, жемістер және көкөністер–1,7%(алмұрт–2,2%, басты пияз–0,4%), жүгері жармасы–1,4%, сұлы–1,2%, алкогольдік ішімдіктер–1,1%, балық және теңіз өнімдері–1%,сүт өнімдері–0,5% (пәстерленген сүт–0,9%, сүзбе майлылығы 5-9%–0,2%, қатты ірімшік–0,1%), нан өнімдері және жармалар (жоғары сұрыпты бидай ұны–1,4%, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бидай наны–0,1%-ға), макарон өнімдері–0,4%, ұнтақ жармасы, кондитерлік өнімдері, шай, темекі өнімдері–0,2%, арпа жармасы, қант–0,1% бағаларының қымбаттағаны тіркелді.
Қарақұмық жармасы–4,7%, күнбағыс майы–2,9%, ақ қауанды қырыққабат, сәбіз, картоп–0,5%, алма,
айран (2,5%), тұздалмаған сары май–0,1% арзандай түсті.
Азық-түлік емес тауарлардан фармацевтикалық өнімдері–1,1%, киім және аяқ киім–0,7%, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсетуге арналған материалдар–0,2%, қатты отын–0,1% қымбаттады.
Жуғыш және тазалағыш заттар–3,2%, жеке бас гигиенасы тауарлары–0,7% арзандады.
Ақылы қызмет бойынша шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметі–5,3%, байланыс қызметі–3%, амбулаториялық қызметі–2,3%, тұрғын үйді күтіп ұстау қызметі–1,4% өсті.
Тұрғын үйді жалға алу–4,4% төмендеді.
____________________________________________________________________________________________________________________________
Әдіснамалық түсініктемелер
Инфляцияның деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі (ТБИ) халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алған тауарлары мен қызметтеріне бағалардың өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығы 508 ұстанымды біріктіреді. Бағаларды тіркеу облыс орталығының және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір тобы бойынша меншіктің әртүрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі. Агрегаттау үшін қолданылатын салмақтау жүйесінің шығыс бөлігі өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі. 2022 жылғы қаңтардан бастап ТБИ құрылымында азық-түлік тауарларының үлесі 40,7%-ды, азық-түлік емес тауарлар–30,2%-ды, ақылы қызметтер 29,1%-ды құрайды.
www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер /Баға статистикасы
|
Орындаушы: Ж. И. Корпешова Тел. +7 7222 36-27-25 |
Баға статистикасы бөлім басшысы: Г.Т. Шакшанова Тел. +7 7222 36-27-25 |
Адрес: 071400, Cемей қаласы Мәңгілік ел көшесі, 25
|
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы