
Көкпекті ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде аудан көлемінде 13 көпір, 102 су өткізгіш құбырлардың барлығы қардан тазартылды.
Одан бөлек, бүгіннен бастап Көкпекті ауданындағы қар қалың түскен елдімекендерден қар шығарылып жатыр. Бұл жұмыстарға барлығы 40 техника және 92 адам жұмылдырылған.
Абай ауданында ауыл іші көшелерін, саябақтарды қардан тазарту қарқынды жүріп жатыр. Аудан орталығы Қарауыл ауылы көшелерін қардан тазартуға 3 трактор, автогрейдерлер, погрузчиктер, камаз техникалары арнайы бөлінген. Ауданға қарасты басқа ауылдарда да қарды шығару жоспарға сәйкес орындалуда.
Айта кетсек, елдімекендерден қарды шығару жұмыстары облыстың барлық қалалары мен аудандарында қолға алынып, облыстық әкімдіктің үнемі бақылауында.