
Абай облысының әкімдігі ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп, өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға бағытталған семинар-тренинг өткізіп жатыр.
Іс-шараға қала мен аудан әкімдіктерінің, облыс басқармаларының басшылары қатысуда.
Оқудың негізгі мақсаты – мамандардың тиімді коммуникациялық дағдыларының деңгейін арттыру және тәжірибелік білім беру.
«Облыс әкімдігі түрлі салаларда біліктілік пен білімді арттыруға бағытталған семинар-тренингтерден тұратын жоспар әзірледі. Оларға жас және көп жылдық тәжірибесі бар қызметкерлер де қатысады. Заманауи мемлекеттік қызметшілер қоғамдағы өзгерістер мен қазіргі үрдістермен бірге дамуы тиіс», - деді облыс әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев.
Семинар аясында жобалық басқару, жобаларды әзірлеу, мемлекеттік қызметтегі заманауи кейстер және т. б. тақырыптарды қарастыратын болады.