Таулы аймақтарда су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілді

Таулы аймақтарда су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілді

Ақсуат ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу аясында ТЖМ аудандық бөлімі күшейтілген режимге көшті. Бүгінде бөлім су сору насосы, 3 ауыр жүк көлігі, 2 погрузщик, 2 автогрейдер, 2 эксковатор, 1 ГАЗ-66 көлігімен жабдықталған. Бұдан бөлек, автотасымалдаушы, кран-манипулятор және 2 сантехникалық жабдық жұмылдырылды.

 

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға дайындық үшін 17 тонна бензин, 8,5 тонна дизель отыны, 8 мың қап инертті материалдар дайындалды.

 

Аудандағы республикалық, облыстық және аудандық автожолдарда орналасқан 9 көпірдің сағаларын қардан тазарту жұмыстары жүргізілді.  Сондай-ақ, 66 су құбыры, каналдар және арықтар қардан тазартылды.