
Абай облысының қала және аудандарында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды ветеринария басқармасына қарасты коммуналдық кәсіпорындар жүргізеді.
Семей қаласында «4 лапы+» қоғамдық қорының базасында қаңғыбас иттер мен мысықтарға арналған жеке орын бар, онда 200-ге жуық ит пен 50 мысық уақытша ұсталады.
Бұдан бөлек, облыс орталығында иесіз қалған 2000 бас үй жануарларына арналған нысан салу жоспарланған. Бүгінде жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы»Заңның нормаларын іске асыру мақсатында Абай облысының ветеринария басқармасы мемлекеттік сатып алу порталы арқылы келесі іс-шараларды өткізуге конкурстар жариялады: