Көктемгі су тасқына қарсы жұмыстар жалғасуда

Көктемгі су тасқына қарсы жұмыстар жалғасуда

Бесқарағай ауданында республкалық және облыстық маңызы бар жолдарды, ауыл іші көшелерін, аулаларды қардан тазарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Бүгінде аудан көлемінде көше-жол желісін тазалауға және көктайғаққа қарсы материалдарды себуге 10-ға жуық техника мен 20-дан астам жұмысшы жұмылдырылды. Жалпы ұзындығы 240 км елді мекендердің көшелері мен аудандық маңызы бар жолдарды қардан тазаланып жатыр.

Қар тазалау жұмыстары барлық елді-мекендерде қолға алынған.

Анықтама үшін: Бесқарағай ауданында 10 ауылдық округ және 28 елді-мекен бар.