Абай ауданында МӘМС туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Абай ауданында МӘМС туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Абай аудандық орталық ауруханасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы аудан тұрғындарына тұрақты түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылғы 1 қаңтарда іске қосылды. Оны енгізудің арқасында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2 есе өсті.

МӘМС жүйесінің негізгі принциптері:

әлеуметтік бағдар – мемлекет 15 жеңілдік санатындағы 11 миллион азаматқа жарна төлейді;
ортақ жауапкершілік - халықтың денсаулығы үшін мемлекет, жұмыс берушілер және азаматтар жауапты;
медициналық көмекке тең қолжетімділік - әрбір сақтандырылған азамат төленетін жарналардың мөлшеріне қарамастан, медициналық көмектің қажетті көлемін алуға құқығы бар.