ҚР Президенті Әкімшілігінің және Жаңасемей ауданы мәслихатының келісімен, облыс әкімінің өкімімен Базарбаев Руслан Ерланұлы Абай облысы Жаңасемей ауданы әкімі болып тағайындалды.
Базарбаев Руслан Ерланұлы 1989 жылы 1 шілде күні дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және Қазақ қатынас жолдары университетін тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2010 жылы Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймақтарды әкімшілендіру басқармасының бас маманы, бөлім басшысы болып жұмыс істеді.
«Қазтехнология» АҚ бас менеджері. Сондай - ақ, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитетінде қызмет атқарды.
2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты, бас инспекторы болып жұмыс істеді.
Қазіргі лауазымға дейін Семей қаласы әкімінің орынбасары болды.