Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына - 35 жыл. Облыстың барлық аудандарында салтанатты шаралар өтіп, ардагерлерге медальдар табыс етілді.
Іс-шараларға ауған жауынгерлері, тәжік-ауған шекарасындағы әскери қақтығысқа қатысушылар, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары, әскери қызметкерлер, жоғары сынып оқушылары, студенттер қатысты.
Салтанатты шарада интернационалдық борышын өтеп, «Ерлігі үшін», «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл», «Интернационалист жауынгер», «Алғыс ауған халқынан» медальдарымен марапатталған 51884 әскери бөлімінің командир-сержанты, қазіргі уақытта Бородулиха арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры Мұратбек Аильбаев халықты әлеуметтік қорғау саласындағы еңбегі үшін «Еңбек Ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Жарма ауданы Қалбатау ауылдық округінің әкімі, Ауғанстан соғысының ардагері Қ.Рахымжанов майдан даласында қаза тапқан азаматтардың есімдері қатарластарының жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.
Ауғанстандағы майданнан кейін 35 жыл өтсе де, бұл соғыс жауынгерлердің мәңгілік есінде қалды. Жат елде жанын қиған мыңдаған азамат жас кезінде түрлі жарақатпен майданнан оралды. Сондай-ақ, Ауғанстандағы соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету дәстүрлі түрде жалғасуда.