
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 607,5 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 372,5мың (61,3%), ауылдықтар – 235,0 мың адам (38,7%). 2023 жыл басымен салыстырғанда халық саны 2,6 мың адамға немесе 0,4%-ға кеміді.
Халықтың табиғи қозғалысы
2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда Абай облысы халқының табиғи өсімі 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда (5364 адам) 16,1%-ға өсіп, 4499 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 7,39адамды құрады.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілерінінің жазбаларындағы мәліметтердің нәтижесінде, 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда туылғандар саны 9926 адамды құрады, бұл 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 8,3%-ға аз (10828). 1000 адамға шаққандағы жалпы туу коэфициенті 16,30 туылғандарды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 5427 адамды құрады, бұл 2022 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 0,7%-ға аз (5464 адам). Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 8,91 қайтыс болғандарды құрады.
2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыста 1 жасқа дейін шетінеген 60 нәресте тіркелді және 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (58 шетінеген нәресте) 3,4%-ға көп. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 6,04 оқиғаны құрады.
_________________________________________________________________________________________________________________
Әдіснамалық түсіндірмелер
Халықтың табиғи өсімі - белгілі бір кезеңде тірі туылғандар мен өлгендер санының арасындағы айырмашылығына тең. Халықтың табиғи қозғалысы жөніндегі деректер АХАТ органдарында тіркелген азаматтық хал актілерінің жазулары негізінде жиналады және өңделеді. Туылғандар санына тек тірі туылғандар енгізілген.
Туудың жалпы коэффициенті - бала туылу қарқындылығының барлық халыққа қатынасы бойынша анықталатын көрсеткіш. Кезең бойына тірі туылғандардың жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте, 1000 халыққа шаққанда есептеледі.
Өлімнің жалпы коэффициенті - халықтың өлімінің қарқындылығын анықтайтын көрсеткіш. Кезең бойына өлгендердің жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте 1000 халыққа шаққанда есептеледі.
Нәресте өлімінің коэффициенті - 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің деңгейін анықтайтын көрсеткіш. 1 жасқа дейінгі өлгендер саны тірі туылғандар санына қатынасымен есептеледі. Нәрестелер өлімі коэффициенті 1000 тірі туғандарға есептелінеді.
www.stat.gov.kz / ҚР өңірлерінің статистикасы Абай облысы Электрондық кестелер / Демографическая статистика
|
Орындаушы: С.А. Кондратьева Тел. +7 7222 36-25-49 |
Енбек, тұрмыс денгейі және әлеуметтік демография статистикасы бөлім басшысының м.а.: С.А.Кондратьева Тел. +7 7222 36-25-49 |
Адрес: 180000, Cемей қаласы Мәңгілік ел көшесі, 25
|
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы