
2023 жылғы сәйкес көрсеткішпен салыстырғанда өнеркәсіптік өнімінің нақты көлемінің өсуі 2024 жылғы қаңтардағы өнеркәсіп өндірісінің нәтижесі болып табылады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындармен және өндірістермен 192,6 млрд. теңгеге өнім (тауар, қызмет) шығарылды, бұл өндірістің республикалық көлемінде 5,1%-ды құрайды. Өнеркәсіптік өндірістің индексінің көрсеткіші 2023 жылғы қаңтардағы деңгейге қатысты алғанда 106,7%-ға бағаланды.
Облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында ең жоғарғы үлес (77,3%) тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу тиесілі. Өңдеу өнеркәсібіне 19,9%-ды, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 2,5%-ды, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 0,3%-ды құрады.
2024 жылғы қаңтарда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 149,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес айына қарағанда 3,5%-ға жоғары. Металл кендерін өндіруі 3,8%-ға артты.
2024 жылғы қаңтарда өңдеу өнеркәсібінде 38,4 млрд. теңгеге өнім өндірілді, есепті айда 2023 жылғы тиісті аймен салыстырғанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 112,1%-ды құрады. Тамақ өнімдерін өндіруде – 23,1%-ға, машина жасауда – 160,4%-ға, металлургия өндірісінде – 6,4%-ға өсуі байқалады.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 4,7 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, өнеркәсіптік өндірістің индексі 98,9%-ды құрады. Электр энергиясын өндіру, беру және таратуда – 5,7%-ға өсу байқалды.
Сумен жабдықтауда; қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 0,5 млрд.теңгеге өнім өндірілді, өнеркәсіптік өндірістің индексі 92,0%-ды құрады. Суды жинау, өңдеу және таратуда 5,1%-ға өсуі байқалады.
Облыс өңірлері ішінде өнім көлемі бойынша ең жоғары үлестік салмақты Аягөз ауданының өнеркәсіп өндірісі алады (өндіріс көлемінің 63,2%-ы), Семей қаласында өнеркәсіп өндірісі облыстық көлемінің 19,0%-ы, Жарма ауданында – 14,3%-ы, Бородулиха ауданында – 2,9%-ы өндірілді.
Әдіснамалық түсіндірмелер
Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/ Өнеркәсіп өндірісінің статистикасы
|
Орындаушы: ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлімінің бас маманы А.Т.Майкибаева Тел. +7 7222 52-49-18 |
Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлім басшысы Ш.А. Исаханова Тел. +7 7222 52-49-18 |
Адрес: 180000, Cемей қаласы Мәңгілік ел көшесі, 25
|
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы