Абай облысында тауарлар мен қызметтерді өткізу туралы

Абай облысында тауарлар мен қызметтерді өткізу туралы

2024 жылғы қаңтарда жедел деректер бойынша бөлшек сауда тауар айналымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,7% -ға өсті және 33,7 млрд. теңгенi құрады.

Бөлшек тауар айналымының республикалық көлемінде Абай облысы 12-орын алады, бөлшек тауар айналымының республикалық көлеміндегі үлесі 2,9%-ды құрады.

Бөлшек сауданының негізгі бөлігін базарларда сауда жасайтын және жеке сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олардың сауда айналымы облыстың бөлшек сауда айналымының 52,3%-ын құрады және 2023 жылғы қаңтармен салыстырғанда 14,5%-ға азайды.

Саудамен айналысатын кәсіпорындар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 52,1%-ға артты және облыстың бөлшек сауда тауар айналымының 47,7%-ын құрады.

Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 75%-ын азық-түлік емес тауарлары, 25%-ын азық-түлік тауарлары құрады.

Сауданың едәуір көлемі Семей қаласына – 25,4 млрд. теңге немесе облыстың тауар айналымының 75%-ы тиесілі. Аягөз ауданына 6%, Жарма ауданына –4,0%-дан, Үржар ауданына – 5%-дан,Бородулиха ауданына -3%-дан келеді. Қалған өңірлердің үлесі 2% (Курчатов қаласы) 1%-ға дейін (Абай ауданы) , 1%-ға дейін (Көкпекті ауданы), 2%-ға дейін (Бесқарағай ауданы) 1%-ға дейін (Ақсуат ауданы) ауытқиды.

2024 жылғы қаңтарда көтерме сауда көлемі 15,9 млрд. теңге сомасында немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне қарағанда 92,9% қалыптасты. Көтерме сауда тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер 71%-ды, азық-түлік тауарлары – 29%-ды құрайды.

 

 

Әдіснамалық түсініктемелер

Бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үйiшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен  байланысты  емес  өзгедей  пайдалануға  арналған  тауарларды  сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.

Көтерме сауда – жеке, отбасылық, тұрмыстық  және басқа да осыған ұқсас жағдайларда пайдалануға байланысты емес, кейінен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.

 

 

 

 

www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/Ішкі сауда статистикасы

 

Орындаушы:

Сауда және қызмет көрсету статистикасы бөлімінің  басшысы: Г.Т.Толегенова

Тел. +7 7222  362612

Баспасөз қызметі:

Г.А.Данабаева

Тел. +7 7222 565732

 

Адрес:

071400, Cемей қаласы

Мәңгілік ел көшесі, 25

 

 

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының
Абай  облысы бойынша департаменті