
Кітаптар топтамасы жобасын құру Қазақстанның мәдениеті мен әдебиетінің дамуына ықпал етуге, туған өлкемізден шыққан ұлы тұлғаларымыз бен ақын-жазушыларымыздың туындыларын қайта жаңғыртып шығаруға, тұлғаларымыздың атын әйгілеуге, көркем әдебиет арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған.
Жаңадан ірге көтерген Абай облысының ұзақ мерзімді кешенді даму жоспарының ауқымды ісіне жататын - бес жылға (2023-2027) арналған «Абай жолы» жобасы жазушылар мен ақындардың және өнер адамдарының әртүрлі жанр мен тақырыпты біріктірген туындыларын құрайды.
«Абай жолы» кітапханасы жобасы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қолдауымен жарық көріп отыр.