
Облыс бойынша инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну баға индексі 2024 жылғы қаңтарға өткен айға қатысты алғанда 101,1 % құрады.
2024 жылғы қаңтарға облыс бойынша тұтыну бағасының индексі
пайызбен
|
|
2024 жылғы қаңтарда |
|
|
2023 жылдың желтоқсанына |
2023 жылдың қаңтарына
|
|
|
Барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер |
101,1 |
109,6 |
|
Азық-түлік тауарлары |
101,7 |
109,1 |
|
Азық-түлік емес тауарлар |
100,4 |
108,0 |
|
Ақылы қызметтер |
101,2 |
112,4 |
Азық-түлік тауарларының арасында 2024 жылғы қаңтарда желтоқсанмен салыстырғанда май және тоңмай – 10,5%(тұздалмаған сары май – 20,5%) 1 санаттағы жұмыртқа – 9%, темекі өнімдері – 3,8%, кондитерлік өнімдері – 2,6%, жемістер және көкөністер – 2,4%(алмұрт – 8,1%, картоп – 0,4%, басты пияз – 0,3%, қызылша – 0,2%), балық және теңіз өнімдері – 2,2%, алкогольдік ішімдіктер – 1,3%, макарон өнімдері – 1%, күріш, құс, сүт өнімдері – 0,9% (қаймақ – 2,2%, қатты ірімшік – 1,1%), шұжықтар – 0,7%, нан өнімдері және жармалар – 0,6%(қара бидай-бидай наны – 1,8%), шай – 0,3%, ет (ет өнімдерін қоса) – 0,2% бағаларының қымбаттағаны тіркелді.
Қант – 2%, күнбағыс майы – 1,1%, жармалар – 0,2% (қарақұмық жармасы – 0,4%, арпа – 0,2%, сұлы – 0,1%), айран (2,5%) – 0,1% арзандай түсті.
Азық-түлік емес тауарлардан қатты отын – 2,4%, фармацевтикалық өнімдер – 1,2%, киім және аяқ киім – 0,5% қымбаттады.
Жеке бас гигиенасы тауарлары – 1,2%, жуғыш және тазалағыш заттар – 1,1%, бензин – 0,1% арзандады.
Ақылы қызмет бойынша электр энергия тарифтері – 9,6%, тұрғын үйді күтіп ұстау қызметі – 3,7%,
жолаушылар көлік қызметі – 1,5%,амбулаториялық қызметі – 1,3% өсті
____________________________________________________________________________________________________________________________
Әдіснамалық түсініктемелер
Инфляцияның деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі (ТБИ) халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алған тауарлары мен қызметтеріне бағалардың өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығы 508 ұстанымды біріктіреді. Бағаларды тіркеу облыс орталығының және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір тобы бойынша меншіктің әртүрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі. Агрегаттау үшін қолданылатын салмақтау жүйесінің шығыс бөлігі өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі. 2022 жылғы қаңтардан бастап ТБИ құрылымында азық-түлік тауарларының үлесі 40,7%-ды, азық-түлік емес тауарлар–30,2%-ды, ақылы қызметтер 29,1%-ды құрайды.
www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер /Баға статистикасы
|
Орындаушы: Ж. И. Корпешова Тел. +7 7222 36-27-25 |
Баға статистикасы бөлім басшысы: Г.Т. Шакшанова Тел. +7 7222 36-27-25 |
Адрес: 071400, Cемей қаласы Мәңгілік ел көшесі, 25
|
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы