Жәнтікей ауылында Мәдениет үйінің құрылысы жалғасып жатыр

Жәнтікей ауылында Мәдениет үйінің құрылысы жалғасып жатыр

Өткен жылы Ақсуат ауданы Жәнтікей ауылында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 150 орындық мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары басталған.

Құрылысты «Жансерік» ЖШС компаниясы жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 70% орындалды. Құрылысты 2024 жылдың мамыр айының соңында аяқтап, тапсыру жоспарланған.

Мәдениет үйінің ғимаратында кітапхана, ардагерлер залы, ұйымдастырушылардың жұмыс бөлмесі, би залы, домбыра үйірмесі, киім ауыстыратын бөлме болады.