Ертіс өзеніндегі су деңгейіне қатысты

Ертіс өзеніндегі су деңгейіне қатысты

21.01.2024 жылғы сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Ертіс өзенінің Семей қаласында су деңгейі 457 см. «Бейбітшілік» аралы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы орган және ҚР ТЖМ 68303 ә/б бірлесіп 21 қаңтарға қараған түні келесідей инженерлік жұмыстар жүргізді: бөгет салу, өзен арнасына су бұру үшін жол төсемін ашу. ТЖД күшімен өзен арнасына 5850 текше метр су қайта жіберілді.

Түнде Бебітшілік аралынан 11 адам (7 ересек, 3 бала) эвакуацияланды, олар Семей қонақ үйіне орналастырылды. Үй жануарлары қауіпсіз жерге жеткізілді. Эвакуацияланған адамдар жергілікті атқаруғы орган тарапынан ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта эвакуацияланған отьасы үйлеріне қайтты.

Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеп, тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Әр сағат сайын учаскелерді аралау (Бейбітшілік аралы, Д/М.Бобровка) және су деңгейіне мониторинг жүргізіледі. Су деңгейін өлшеу әр 2 сағат сайын жүргізіледі.