
2004-2005 жылғы жасөспірімдер арасында дзюдодан облыстық турнир өтті. Оған облыс көлемін 150-ге жуық спортшы қатысты. Жеңімпаздар Қарағанды қаласында өтетін республикалық сайыста облыс намысын қорғайтын болады.
Қазақ күресінен 2007-2008 және 2009-2010 жылғы жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті. Оған 400-ден астам жас спортшы қатысты. Бұл турнир Талдықорғанда өтетін Қазақстан чемпионатына қатысуға іріктеу кезеңі болды.
12-17 қаңтар аралығында Семей қаласында тоғызқұмалақтан облыс чемпионаты өтті. Оған 50-ден астам адам қатысты. Чемпионат ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттауға бағытталған.
20-21 қаңтар аралығында жастар арасында «дәстүрлі, элиталық» санат бойынша панкратионнан жарыс өтеді.
20-22 қаңтар аралығында каратэ-до кекушинкайдан облыстық ашық чемпионат жоспарланған.