
Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 ҚР Заңына сәйкес 4 бағыт бойынша кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге және субсидиялауға туризм саласында мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды:
Кәсіпкерлік субъектілерінің жүргізушінің орнын қоспағанда, құрылыс, жол бойындағы сервис объектілері, туристік қызмет объектілерін реконструкциялау, сыйымдылығы 8 (сегіз) орыннан асатын автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша өтінімдер ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін беріледі.
Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға жұмсаған шығындарының бір бөлігін субсидиялау бойынша өтінімдер Басқарма атына ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін беріледі.
Құжаттар топтамасын қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Семей қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 25, «Meridian» БО, 3 қабат, 304 кабинет немесе электрондық поштаға: tourismabai@gmail.com, тел.: 8-701-183-28-77 Әділет Жұмагелдіұлы, 8-705-764-64-01 Назгүл Айдынқызы.