2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Абай облысының өнеркәсіп жұмысының қорытындылары

2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы  Абай облысының  өнеркәсіп жұмысының қорытындылары

2022 жылғы сәйкес көрсеткішпен салыстырғанда өнеркәсіптік өнімінің нақты көлемінің өсуі 2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өнеркәсіп өндірісінің нәтижесі болып табылады.

Өнеркәсіптік кәсіпорындармен және өндірістермен 1571,3 млрд. теңгеге өнім (тауар, қызмет) шығарылды, бұл өндірістің республикалық көлемінде 3,4%-ды құрайды. Өнеркәсіптік өндірістің индексінің көрсеткіші 2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы деңгейге қатысты алғанда 105,1%-ға бағаланды.

Облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында ең жоғарғы үлес (62,4%) тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу тиесілі. Өңдеу өнеркәсібіне 34,6%-ды, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 2,5%-ды, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 0,5%-ды құрады.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 980,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне қарағанда 1,2%-ға жоғары. Металл кендерін өндіруі 1,5%-ға артты.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда өңдеу өнеркәсібінде 543,7 млрд. теңгеге өнім өндірілді, есепті кезеңде 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 113,9%-ды құрады. Тамақ өнімдерін өндіруде – 35,0%-ға, машина жасауда - 18,8%-ға, металлургия өндірісінде – 5,6%-ға өсуі байқалады.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 39,5 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, өнеркәсіптік өндірістің индексі 106,3%-ды құрады. Электр энергиясын өндіру, беру және таратуда – 8,3%-ға , бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен қамтамасыз етуде  3,7%-ға өсу байқалды.

Сумен жабдықтауда; қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 7,6 млрд.теңгеге өнім өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 21,2%-ға жоғары. Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 96,7%-ға өсуі байқалады.

Облыс өңірлері ішінде өнім көлемі бойынша ең жоғары үлестік салмақты Аягөз ауданының өнеркәсіп өндірісі алады (өндіріс көлемінің 42,6%-ы), Семей қаласында өнеркәсіп өндірісі облыстық көлемінің 31,6%-ы, Жарма ауданында – 19,8%-ы, Бородулиха ауданында – 4,3%-ы өндірілді.

 

Әдіснамалық түсіндірмелер

Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

 

 

 

www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/ Өнеркәсіп өндірісінің статистикасы

Орындаушы: ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлімінің бас маманы

А.Т.Майкибаева

Тел. +7 7222 52-49-18

Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлім басшысы Ш.А. Исаханова

Тел. +7 7222 52-49-18

Баспасөз қызметі:

Г.А.Данабаева

Тел. +7 7222 56-57-32

 

Адрес:

180000, Cемей қаласы

Мәңгілік ел көшесі, 25

 

 

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы