
2023 жылғы қаңтар-желтоқсанында жедел деректер бойынша бөлшек сауда тауар айналымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,2% өсті және 534,5 млрд. теңгенi құрады.
Бөлшек тауар айналымының республикалық көлемінде Абай облысы 11-орын алады, бөлшек тауар айналымының республикалық көлеміндегі үлесі 2,7% құрады.
Бөлшек сауданының негізгі бөлігін базарларда сауда жасайтын және жеке сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олардың сауда айналымы облыстың бөлшек сауда айналымының 59% құрады және 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 20,3% артты.
Саудамен айналысатын кәсіпорындар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ғ-а артты және облыстың бөлшек сауда тауар айналымының 37,4%-ын құрады.
Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 77,8% азық-түлік емес тауарлары, 22,2% азық-түлік тауарлары құрады.
Сауданың едәуір көлемі Семей қаласына – 409,8 млрд. теңге немесе облыстың тауар айналымының 76,7% тиесілі. Аягөз ауданына 5,8%, Жарма ауданына –4,0%, Үржар ауданына – 3,7%, Бородулиха ауданына -3% келеді. Қалған өңірлердің үлесі 2,1% (Курчатов қаласы) 1% дейін (Абай ауданы) , 1% дейін (Көкпекті ауданы), 1% дейін (Бесқарағай ауданы) 1,7% дейін (Ақсуат ауданы) ауытқиды.
2023 жылғы қаңтар-желтоқсанында көтерме сауда көлемі 352,6 млрд. теңге сомасында немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне қарағанда 92,9% қалыптасты. Көтерме сауда тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер 72,8%, азық-түлік тауарлары – 27,2% құрайды.
Әдіснамалық түсініктемелер
Бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үйiшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.
Көтерме сауда – жеке, отбасылық, тұрмыстық және басқа да осыған ұқсас жағдайларда пайдалануға байланысты емес, кейінен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.
www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/Ішкі сауда статистикасы
|
Орындаушы: Сауда және қызмет көрсету статистикасы бөлімінің басшысы: Г.Т.Толегенова Тел. +7 7222 362612 |
Баспасөз қызметі: Г.А.Данабаева Тел. +7 7222 565732
|
Адрес: 071400, Cемей қаласы Мәңгілік ел көшесі, 25
|
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы