Абай облысы бойынша 2023 жылғы желтоқсанда тұтыну бағасының индексі

Абай облысы бойынша 2023 жылғы желтоқсанда тұтыну бағасының индексі

Облыс бойынша инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну баға индексі 2023 жылғы желтоқсанға  өткен айға қатысты алғанда 101,2 %- ды, 2022 жылғы желтоқсанына – 109,7% құрады.

2023 жылғы желтоқсанға облыс бойынша тұтыну бағасының индексі

        пайызбен

 

2023 жылғы желтоқсанда

2023 жылғы қаңтар- желтоқсанда

2022 жылдың қаңтар-желтоқсанына

2023 жылдың

қарашасына

 

2022 жылдың

желтоқсанына

 

Барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер

101,2

109,7

114,1

Азық-түлік тауарлары

100,5

108,6

115,6

Азық-түлік емес тауарлар

100,6

109,1

114,7

Ақылы қызметтер

103,0

112,3

111,2

Азық-түлік тауарларының арасында 2023 жылғы желтоқсанда қарашамен салыстырғанда жұмыртқа–8,8%, алмұрт–2,2%, күріш–1,6%, макарон өнімдері–1,5%, балық және теңіз өнімдері–1,1%, сүт өнімдері–1% (қатты ірімшік–1,5%, қаймақ–1,3%, сүзбе майлылығы 5-9%–1,2%, айран (2,5%)–1,1%, пастерленген сүт–1%), нан өнімдері және жармалар–0,9%( қара бидай-бидай наны–1,1%), темекі өнімдері–0,7%, май және тоңмай–0,4%(тұздалмаған сары май–1,5%), алкогольсіз сусындар–0,3% бағаларының қымбаттағаны тіркелді.

Ақ қауанды қырыққабат–8,1%, сәбіз–5,1%, картоп–4,5%, қант–4,3%, күнбағыс майы–1,4%, қарақұмық жармасы–0,5% арзандай түсті.

Азық-түлік емес тауарлардан тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсетуге арналған материалдар–2,2%, киім және аяқ киім–2%,  фармацевтикалық өнімдер–1,2% қымбаттады.

Жуғыш және тазалағыш заттар–1,5%, жеке бас гигиенасы тауарлары–0,5% арзандады.

Ақылы қызмет бойынша  шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметі–9,6%, қоғамдық тамақтандыру қызметтері–4,1%, тұрғын үйді жалға алу–2,3%, жолаушылар көлік қызметі–0,7%,амбулаториялық қызметі–0,2% өсті.

 

____________________________________________________________________________________________________________________________

Әдіснамалық түсініктемелер

Инфляцияның деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі (ТБИ) халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алған тауарлары мен қызметтеріне бағалардың өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығы 508 ұстанымды біріктіреді. Бағаларды тіркеу облыс орталығының және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір тобы бойынша меншіктің әртүрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі. Агрегаттау үшін қолданылатын салмақтау жүйесінің шығыс бөлігі өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі. 2022 жылғы қаңтардан бастап ТБИ құрылымында азық-түлік тауарларының үлесі 40,7%-ды, азық-түлік емес тауарлар – 30,2%-ды, ақылы қызметтер 29,1%-ды құрайды.

 

 

www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер /Баға статистикасы

Орындаушы:

Ж. И. Корпешова

Тел. +7 7222  36-27-25

Баға статистикасы бөлім басшысы:

 Г.Т. Шакшанова

Тел. +7 7222 36-27-25

Баспасөз қызметі:

Г.А. Данабаева

Тел. +7 7222 362549

 

Адрес:

071400, Cемей қаласы

Мәңгілік ел көшесі, 25

 

 

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы