
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 20-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Абай облысының қалалары мен аудандарының төменгі тұрған аумақтық сайлау комиссияларының бірінші отырыстарын олардың құрамы қалыптастырылғаннан кейін жеті күн мерзімнен кешіктірмей өткізуі регламенттелген.
Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, 2024 жылғы 3 қаңтар сағат 18.00-ден кешіктірмей Абай облысы бойынша аудандар мен қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының алғашқы ұйымдастыру отырыстарын шақыру туралы хабардар етемін.
Абай облысы аумақтық
сайлау комиссияның төрағасы Г. Жігітбаева