Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу туралы хабарландыру

Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2023 жылы бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынас бойынша теміржол жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыны айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде 2023 жылғы 22 желтоқсанындағы конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Конкурсқа Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығымен бекітілген Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылары тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларының
(бұдан әрі – Қағидалар) 21-тармағында айқындалған біліктілік талаптарына сай келетін әлеуетті қатысушылар жіберіледі.

Біліктілік талаптарына жауап беретін әлеуетті қатысушылар конкурстық комиссияның атына Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынады.

Конверттерге мөрленген конкурсқа қатысуға тендерлік өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер жібереді (жеткізеді).

Әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға конверттерге желімделген тендерлік өтінімдерді 071400, Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 36 Б, «VIKAR» әкімшілік ғимараты мекенжайы бойынша «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не жібереді (жеткізеді).

Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2023 жылғы                                    21 желтоқсанындағы сағат 17.30-ға дейін.

Тендерлік ұсыныстар салынған пакеттерді ашу 2023 жылғы                                     22 желтоқсанындағы сағат 11.00-де Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 36 Б, «VIKAR» әкімшілік ғимараты мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Тендерлік құжаттама топтамасы Абай облысы әкімі аппаратының сайтында орналасқан www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news

Анықтама телефондары: 8 (777) 020-44-99.

 

«Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің деректемелері

 

«Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы» ММ

ММ Коды 268Е501

БСН 220740014991

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Абай облысы бойынша Қазынашылық департаменті» РММ

БСК KKMFKZ2A

ЖСК KZ19070502268Е501001