Бесқарағай ауданында ауқымды әйелдер форумы өтті

Бесқарағай ауданында ауқымды әйелдер форумы өтті

Абай облысында алғаш рет әйелдер форумы өтті. Оған 100-ге жуық түрлі қызмет саласының өкілдері, оның ішінде батыр аналар, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Бүгінде еліміздің қыз келіншектері түрлі салада қызмет етіп, табысқа жетуде. Бұл еңбекқорлық пен іскерліктің айқын көрінісі. Бірнеше жыл ішінде еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы әйелдердің рөлі тұрақты түрде артып келеді. Сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамытуда әйелдердің рөлі ерекше. Жалпы әйелдердің барлық салада қызмет етіп жатқаны көңіл қуантады», - деді Абай облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Арман Жемағұлов.

Қазіргі таңда облыстың әйелдер қауымы қызметтің әр саласына белсенді түрде атсалысуда. Осыған орай өз саласында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген әйелдер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар, форумға қатысушылар өзін-өзі дамыту, кәсіп ашу, денсаулықты күту және басқа да маңызды тренингтерге қатысып, Бесқарағай ауданының кәсіпкерлері өз өнімдерінің көрмесін ұсынды.