
2023 жылғы 5 қарашада пилоттық режимде Абай ауданы мен Курчатов қаласы әкімдерінің сайлауы өтті. Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, әкім болып:
Курчатов қаласы бойынша - Абдралиев Болат Тансыкбаевич;
Абай ауданы бойынша - Смагулов Мейржан Серикбосинович сайланды.
Айта кетейік, сайлаушылар тізіміне 15 528 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 10 277 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 6, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 863 қатысты.