Ақтоғай ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

Ақтоғай ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

Аягөз ауданы Ақтоғай ауылында 10 адамнан тұратын жеке құрам мен 2 өрт сөндіру техникасы бар өрт сөндіру бекеті ашылды. Бекет Ақтоғай ауылына, Қопа және Тарлаулы ауылдық округіне қызмет көрсетеді.

Өрт сөндіру бекеті заманауи жылытылатын тұрақпен жабдықталған және телефон байланысымен қамтамасыз етілген. 2022 жылы KAZ Minerals Aktogay өрт сөндіру бекетін жөндеуге 23 млн теңге бөлді.

Анықтама үшін: Абай облысында 65 бірлік техникасымен қамтамасыз етілген  59 өрт сөндіру бекеті бар. Бесқарағай өңірінде екі өрт сөндіру бекетін ашу жоспарланған. Ал 2025 жылға дейін облыста тағы осындай 14 пост салынады.