Жөндеу жұмыстарын жандандыру тапсырылды

Жөндеу жұмыстарын жандандыру тапсырылды

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковпен Жарма ауданының Қалбатау ауылында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Синьсинь» және «Ситик Констракшн» мердігерлік ұйымдарымен бірлесіп көшпелі кеңес өткізді.

Сапар барысында министр «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» және «Қалбатау-Майқапшағай» республикалық маңызы бар автожолдардағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Көшпелі жиын барысында құзырлы министрлік мердігер компанияларға жұмыс қарқынын арттыру, қысқы күтімге дайындық, келесі маусымға құрылыс материалдарын дайындауды тапсырды.