Баспасөз қызметкерлеріне арналған тренинг

Баспасөз қызметкерлеріне арналған тренинг

Семей қаласында «Құқықтық медиа-орталық» ҚҚ баспасөз қызметкерлеріне арналған «Тиімді коммуникациялар: тәжірибе, заңнама, халықаралық тәжірибе» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.

Тренингке Абай облысының  қала, аудан және басқарамалардан 30-ға жуық маманы қатысуда. Спикерлер қатарында Айнұр Қоскина, Диана Окремова, Гүлмира Біржанова және Марат Садыков сияқты көпжылдық жұмыс тәжірибесі бар медиа-тренерлер мен журналистер бар.

Жиын барысында дағдарысқа қарсы коммуникациялар, әлеуметтік желілермен жұмыс, баспасөз қызметін заңнамалық реттеу, ақпаратқа тез қол жеткізу  жайындағы ақпарат ұсынылады. Бұдан бөлек, өткізілген іс-шаралар туралы мәліметтерді ұсыну форматы мен сауатты баспасөз релизін жазу, БАҚ-пен тиімді диалог құру мәселелері қарастырылады.