Хабарлама!

Хабарлама!

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросы азаматтардың өтініштері бойынша 1446 Бірыңғай байланыс орталығының іске қосылғанын хабарлайды. Бұл нөмерге қалалық телефондардан, ұялы телефондардан да тегін хабарласуға болады.

Байланыс орталығының операторлары Бюро қызметіне қатысты бірқатар мәселер бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде келіп түсетін қоңырауларға жауап беріп, өтініштерді қабылдай алады. Атап айтқанда, Бюро сайты бойынша ақпарат іздеу, статистикалық нысандарды толтыру мен олардың әдіснамасы, статистикалық есептілікті тапсыру  кезінде туындайтын техникалық сұрақтар бойынша жүгінуге болады.

Сонымен қатар Ұлттық статистика бюросы сайтындағы  онлайн кеңесшісі арқылы кеңес ақпараттарды алуға болады.

Ұлттық статистика бюросы Telegram-да пайдаланушыларға арналған ботты іске қосты.  Telegram іздеу жүйесінде «statgovkz_bot» деп жазыңыз.