
Бұл кездейсоқ емес. Семей – еліміздегі футболдың отаны. Жарты жылдан бері тұрғындар қайта жанданған «Елімай» футбол клубының ойындарын тамашалап келеді.
⠀
Футбол ойындары жұмыс күніне сәйкес келетініне қарамастан, «Спартак» стадионынан табылатын жанкүйерлер әр ойын сайын еліміз бойынша тұрақты түрде рекорд жасап жатыр. Мысалы 7 мыңнан астам жанкүйер үнемі команданы қолдауға келеді.
⠀
Құрамында 9 жергілікті футболшы бар «Елімай» футбол клубы еліміздің бірінші лигасында бірде-бір жеңіліс көрмей, турнир кестесінде көш бастап тұр!
⠀
Бұдан бөлек, команданың екінші құрамында өңірімізден шыққан 25 ойыншы бар.
⠀
2006 жылғы футболшылар ҚР чемпионатының финалдық ойынында 1-4 орын үшін қыркүйекте Шымкент қаласына барады, ал 2007 жылғы футболшылар осы жолғы турнирдің күміс жүлдегерлері атанды!
⠀
Сондай-ақ, клубта 370-ке жуық бала жаттығады. Клуб – спортшылардың рухын көтеріп, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттайтын таптырмас орын.