Қалбатау ауылында көлік инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр

Қалбатау ауылында көлік инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жарма ауданының төрт елді мекенінде республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа орташа жөндеу жұмыстары іске асырылып отыр.

 

«Омбы-Майқапшағай» республикалық маңызы бар жолын қайта жаңғыртып жатқан «Синьсин» халықаралық құрылыс компаниясы әлеуметтік ынтымақтастық меморандумы аясында Қалбатау ауылындағы жалпы ұзындығы 7 шақырымды құрайтын Абай және Қабанбай көшесіне асфальт төсеп жатыр.

 

Жол жөндеу жұмыстарына 9 жүк тасығыш көлік, 2 үлкен асфальт төсегіш, фрезерлеу техникасы жұмылдырылған.

                                                                                                                               Сондай-ақ, «Нұрлы жол-KZ» ЖШС мердігер ұйымы Қаражал және Бірлік ауылында аудандық маңызы бар 9,4 шақырым автомобиль жолына орташа  жөндеу жұмыстарын жасап жатыр.