Абай облысының әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

Абай облысының әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

Қабылдауда өңір тұрғындары денсаулық сақтау, медицина және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына қатысты сұрақтаға, бұдан бөлек мәдениет ескерткішін қайта жаңғырту мәселесіне тоқталды.

Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев тұрғындардың түйткілді мәселелерін тыңдап, барлық сұраққа жан-жақты жауап беріп, тиісті басқармаларға нақты тапсырмалар берді. Аталған мәселелер облыс әкімінің тікелей бақылауына алынды.

Еске салсақ, Абай облысы әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы апта сайын өткізіледі. Қабылдау телефоны: 8 (7222) 52 39 21.