
Алакөл жағасынан күн сайын 10 тоннаға жуық қоқыс шығарылады
Жазғы туристік маусымда Үржар ауданы әкімдігінің Мақаншы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Алакөл жағасын қоқыстан тазалайды. Саитарлық жұмыс таңғы 5:00-ден түнгі 22:00-ге дейін жүргізіледі.
Мамандар жағалау мен арбаттыкүніне 3 рет, ал тротуарлар мен автомобиль жолдарының жиектерін қоқыстардан және тұрмыстық қалдықтардан күніне 1 рет тазалайды.
Көл жағасында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін қосымша 200 қоқыс контейнері сатып алынды, сондай-ақ демалыс базаларының аумағында қосымша 40 қоқыс жәшігі орнатылды. Күн сайын Алакөлдің жағасынан 10 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылады.
Алакөлге отандық қана емес, шетелдік туристтердің ілегі жыл сайын артып келе жатқанын ескеріп, өңіріміздің ең танимал туризм нысанында тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырамыз. Шипалы көлдің жағасында тазалықтың болуы ең алдымен, азаматтарға байланысты.